АҒАШ ЕГУ – ЕРТЕҢГЕ СЕНУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
АҒАШ ЕГУ – ЕРТЕҢГЕ СЕНУ
– “Таза Қазақстан” республикалық экоакциясына сырымдықтар да белсене атсалысуда.
Мысалы, бүгін Жымпитыдағы бақ, сквер, көшелерде жаппай ағаш егу шарасы өтті.
“Алаш” саябағындағы жаңа аллеяның алғашқы көшетін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов пен ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Махмет Қажиахметов екті.
Сол секілді ауданға белгілі ардагер ұстаздар, мемлекеттік қызмет ардагерлері өзінің атаулы шыбығын қадады.
Бір жылдығын ойлаған ел бидай, жүз жылдығын ойлаған ел ағаш егеді. Қазақта бар сөз.
Ардагер ұстаз Зауреш Ишанғалиеваның айтуынша, ағаш егудің экологиялық маңызымен бірге тәрбиелік мәні де зор.
– Ағаш ұрпақтарды, буындарды, дәуірлерді байланыстырады. Ағаш егу – ертеңге сенім, Жер – анаға деген ілтипат.
Сырым ауданына қызметпен келген дінтанушы Берік Бүркітбай “Таза Қазақстан” акциясына жанұясымен қатысты. Әке қадаған шыбықты ұлы көміп, қызы суарып – отбасы институтының керемет үлгісін көрсеткендей.
Осы сияқты бүгін жергілікті халық, белсенділер ағаштардың түптерін қопсытып, белін әктеп, жасылдану мен жаңаруға үлестерін қосты.
Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиевтің айтуынша, бүгін аудан орталығында барлығы 600 түп егілген. Су тасқынынан зардап шеккендерге салынған үйлердің аулаларына да иелері жаңа күнге деген үміт пен сенімнің белгісіндей жас көшеттер отырғызды.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/980860?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version