Өңірде білім беруді психологиялық сүйемелдеу саласында 342 маманды біріктірген педагог-психологтардың бірінші форумы өтті. Іс-шара форсайт-сессиялар мен пленарлық бөлімді қамтыды, психологиялық қызметтердің өзекті мәселелері мен даму перспективаларын терең және мазмұнды талқылауға арналған алаң болды.
Форсайт- сессиялары аясында психологиялық қолдау саласындағы негізгі мәселелер мен даму болжамдары терең және мазмұнды талқыланды. Өткізілген алаңдарда маңызды мәселелер көтеріліп, қызу пікірталастар жүргізілді.
Сонымен қатар, форсайт- сессиялармен қатар «Педагог- психологтардың шығармашылық зертханасы» мен «Психолог- көшбасшы: кәсіби даму траекториясы. Кәсіби жетістіктер залы» көрмелерінде облыстық педагог- психологтар қауымдастығының кәсіби жетістіктері көрсетілді. «Жас психолог» байқауы жеңімпаздарының жобалары да таныстырылды.
Форум қорытындысында қатысушылар психологиялық қызметтің болашағын айқындайтын нақты ұсыныстар әзірледі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/980890?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау