Ақсуат ауданында Jasskills облыстық чемпионаты өтуде!
⚜️Бүгін ауданымызда кәсіби шеберлікке баулитын маңызды шара – Jasskills облыстық чемпионаты басталды. Чемпионатқа Ақсуат ауданына қарасты ауылдық округтерінің мектеп оқушылары қатысып, түрлі жұмысшы мамандықтар бойынша өз шеберліктерін көрсетуде.
⚜️Бұл жарыс WorldSkills Kazakhstan ұлттық қозғалысының өңірлік кезеңі және оқушылар үшін кәсіби бағыттарын айқындап, болашақ мамандықтарын таңдауда үлкен мүмкіндік береді.
💫Мақсат – жастардың кәсіптік дағдыларын дамыту, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және заманауи өндірістік стандарттармен таныстыру.
Жас шеберлерге сәттілік тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat-ekpin/press/news/details/980767?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау