Атбасар ауданы прокуратурасының бастамасымен «Қылмыстардың қайталануын алдын алу» жобасы аясында, аудандық сот ғимаратында пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың қатысуымен үлгілік сот процесі өткізілді. Іс-шара аудандық пробация қызметінің ұсынуы бойынша ұйымдастырылып, бостандығын шектеу жазасына сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.
Іс шеңберінде сот, шартты жаза талаптарын бірнеше рет бұзған сотталғанға қатысты бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Ашық форматта өткізілген бұл процесс пробация есебінде тұрған тұлғалар арасында қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық сананы арттырудың тиімді құралы болып табылады.
#ЗАҢ_және_ТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/981374?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау