Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Жеті Жарғы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «ATYRAU CUP VIІ» республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды.
Іс-шараға еліміздің Астана, Алматы, Тараз, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау мен Батыс Қазақстан сынды 7 өңірінен барлығы 40 команда қатысқан болатын.
Турнир нәтижесінде, жүлделі І орынды Тараз қаласынан қатысқан «Момышұлы» командасы иеленді. Ал, астаналық «Парасат майданы» – ІІ орынмен, маңғыстаулық «БҰҰ атынан» – ІІІ орынмен марапатталды.
Батыс Қазақстан облысынан келген Айымбек Сарымсақов сайыстың «Үздік спикері» атанды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/981812?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау