Аудан әкімі бірқатар әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарын аралап, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атап айтқанда, аудан басшысы фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП), колледж және спорт нысандарының құрылыс алаңдарын аралап шықты. Әкім нысандардағы құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінде орындалу барысына назар аударып, мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар жайында толық ақпарат алды.

 

Сапар барысында аудан әкімі құрылыс жұмыстарының кестеге сәйкес жүргізілуін, құрылыс нормалары мен талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мен санитарлық талаптарды сақтау мәселесіне ерекше тоқталды.

 

Аралау қорытындысы бойынша жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, нысандардың сапалы әрі белгіленген мерзімде пайдалануға берілуі қажеттігі ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/980826?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version