Бүгін Айыртау ауданының әкімі М.Ж. Меңдібаев Саумалкөл ауылы бойынша жүретін автобус маршруттарымен жүріп өтіп, жолаушылар тасымалының ұйымдастырылуымен танысты.
Сапар барысында тасымалдау кестесіне және көрсетілетін қызметтің сапасына ерекше назар аударылды. Ауыл ішінде жолаушылар тасымалын жеке кәсіпкер Қыдырбекова Алма Әлімқызы жүзеге асырады.
Аудан әкімі тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, көлік қызметін жақсартуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/980919?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау