Аудандық орталық кітапханада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, әдебиеттанушы ғалым Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына арналған «Мұхтар Мағауин – әдебиет тарихының зерделі зерттеушісі»атты тарихи-танымдық кеш өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық орталық кітапханада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, әдебиеттанушы ғалым Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына арналған «Мұхтар Мағауин – әдебиет тарихының зерделі зерттеушісі»атты тарихи-танымдық кеш өтті.
Кеш барысында қаламгердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылып, «Мұхтар Мағауин – әдебиет тарихының зерттеушісі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Оқырмандар назарына жазушының тарихи романдары мен ғылыми еңбектері ұсынылды.
Іс-шарада қатысушылар жазушы шығармаларынан үзінділер оқып, оның қазақ руханиятына сіңірген еңбегін ерекше тебіреніспен еске алды. Мұхтар Мағауиннің әдебиетке, ұлт тарихына қосқан үлесі жастарға үлгі боларлық рухани сабаққа айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat-ekpin/press/news/details/980734?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version