Балқаш көлінде уылдырық шашу кезінде заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балқаш көлінде уылдырық шашу кезінде заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды
Қарағанды облысында табиғатты қорғау полициясы браконьерлікке қарсы кезекті іс-шара барысында заңсыз балық аулау фактісін әшкереледі. «Уылдырық шашу» республикалық акциясы аясында Балқаш көлінде жүргізілген рейд кезінде 32 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол моторлы қайықпен уылдырық шашу кезеңінде балық аулап жүрген.
Рейдке Қарағанды облысы ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері, Балқаш және Ақтоғай аудандарының полицейлері, сондай-ақ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары жұмылдырылды. Анықталғандай, браконьер тыйым салынған кезеңнің талабын жақсы білген, дегенмен заңды елемей, табиғатқа айтарлықтай зиян келтірген. Оқиға орнында жүргізілген жедел әрекеттер нәтижесінде тәртіп сақшылары одан моторлы қайық пен заңсыз аулаған 92,5 келі балықты — сазан, көксерке және табанды тәркіледі. Балықтың жалпы бағасы 646 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, ұзындығы 200 метр болатын тыйым салынған қытайлық балық аулау торы алынды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабына сәйкес, уылдырық шашу кезеңінде балық ресурстарын заңсыз аулау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды облысының табиғатты қорғау полициясы азаматтарды табиғат байлығын қорғауға шақырады және заң талаптарын бұзғандарға қатысты қатаң шаралар қолданылатынын ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/981256?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version