Бүгін ауылдық округ, ауылдар мен кенттер әкімдерін сайлауға дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін қала әкімі төрағалығымен ауылдық округ, ауылдар мен кенттер әкімдерін сайлауға дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңесте негізгі баяндама жасаған қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Татьяна Викторовна өз сөзінде алдағы сайлауға дайындықтың негізгі аспектілеріне тоқталды. Атап айтқанда, кандидаттарды тіркеу, үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру, сайлау учаскелерінің техникалық дайындығы мен жабдықталуы мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, 2024 жылға арналған аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс қорытындысы ұсынылып, қол жеткізілген нәтижелер мен сайлау жүйесін жергілікті деңгейде жетілдіру бағыттары аталды.

Кеңес қорытындысы бойынша мүдделі құрылымдарға тиісті тапсырмалар беріліп, сайлау процесін ұйымдастыру бойынша алдағы атқарылатын жұмыстардың алгоритмі айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/981224?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version