Бүгін Ойыл ауданының әкімі А.Қазыбаевтың төрағалығымен арнайы жиын өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ есеп және мемлекеттік сатып алу саласына жауапты мамандар қатысты.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:

  1. «Ойыл ауданында мемлекеттік қызметті өткеру тәжірибесі туралы» – бұл мәселе бойынша Ойыл ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Тлепов баяндама жасады.

  2. «Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру. Мемлекеттік сатып алу заңнамасындағы өзгерістер. Бюджеттің игерілуі» – бұл тақырыпта Ойыл аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Адилханов баяндама ұсынды.

Жиын барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның талаптары мен ережелері, мүдделер қақтығысы мәселелері талқыланып, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі тиісті жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/980626?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version