Абай облысы Аягөз қаласындағы №6 мектеп- интернатта 2016 жылы 29 тамызда Білім министрлігінің /359/-шы бұйрығы шешіміне сәйкес «Дарынды мектеп» кешенді жоспарын іске асыру мақсатында Қ.О.Бітібаева атындағы кіші зертхана ашылды. Зертхана ашылған сәттен өз жемісі мен жетістігін бере бастады.
Біріншіден:Зертхананың ашылуы ұстаздардың әріптестер арасында онлайн желісінде тәжірибе алмасуына жол ашып, жеке, дара қабілеттерінің қалыптасуына, сондай- ақ, басқа облыс, Республика ұстаздарының қол жеткізген ерекше инновациялық педогогикалық тәжірибелерінен үлгі ала отырып, тұлғалық дербестігі мен танымдық қажеттілігін қалыптастырып, ұстаздардың кәсіби өсуіне жол ашты, яғни зертхана- инновациялық тәжірибе алаңына айналды.
Екіншіден: зертхана аясында ғылыми-іздену жұмысы жүйелі жолға қойылды.
Үшіншіден:Зертхана жанында шығармашылық жұмыспен шұғылдану -оқушы мүмкіндігін арттырып, ұстаздың жаңашылдықпен жоғары нәтижеге қол жеткізуіне жол ашты. Яғни, бұл Қ.Бітібаева атындағы зертханасы-щығармашыл орталық алаңына айналғанының дәлелі.
Төртіншіден:Қ.О.Бітібаева атындағы зертхананың ашылуы тек қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстаздарының ғана емес, басқа да, атап айтқанда тарих, математика, информатика, орыс тілі пәні ұстаздарының «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясымен сабақ бере отырып, іс-тәжірибе алмасуына, мастер класстар жүргізе отырып ұстаздардың көкейкесті мәселелерді шешуде, жаңашылдықпен, түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеруіне мүмкіндік берді. Бұл деген сөз- зертхана- заманауи озық технология алаңына айналғандығын дәлелдейді.
Міне, осындай тұщымды әркеттердің ұйытқысы болып отырған Хан апа атындағы зертханасы бүгінде әр мектептің жүрегіне айналғандығын көреміз және мақтанышпен айтамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/981275?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау