ДЕПАРТАМЕНТ: ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы 1-жартыжылдыққа арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы ҚР Еңбек заңнамасының және ҚР халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 9-10 сәуір аралығында ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Ержанов Бекжан Ержанұлы Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласында орналасқан “Технологиялық көмек құрылыс” ЖШС-де профилактикалық бақылау жүргізді.

Жүргізілген тексеру нәтижесімен таныстыру және орын алған мәселелердің алдын-алу, сонымен қатар алда келе жатқан 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ержанов Бекжан Ержанұлы “Технологиялық көмек құрылыс” ЖШС-ның ұжымында жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтырына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жүргізу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы ЖШС ұжымының жұмыскерлері мен жұмыс берушілері тарапынан еңбек қатынастарына қатысты қойылған сұрақтары бойынша ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына сәйкес жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/980648?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version