Маңғыстау облысының Әділет департаментінің қызметкерлеріне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұловтың қатысуымен семинар өткізілді.
Іс-шара барысында Т.Қ.Жұмағұлов Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша мемлекеттік қызметті дамытудың әртүрлі модельдері мен басымдықтарына тоқталды.
Сонымен қатар, жиын барысында департаменттің басшы орынбасары Ж.Жуминмен Әдеп кодексінің нормаларын сақтау, Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық қылмыстарын болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/981215?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау