Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнаманы басшылыққа ала отырып, мәслихаттар жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, депутаттық қызметі туралы есеп береді.
Бүгін Степное ауылының тұрғындарымен кездесіп, аудандық мәслихат төрағасы А.С. Асанова мәслихаттың жұмысымен, оның тұрақты комиссияларының қызметімен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша мәслихат шешімдерінің орындалуымен таныстырды, депутат Н.А. Усенков өзінің депутаттық қызметі туралы есебін ұсынды.
Н.А. Усенков № 5 сайлау округіндегі ағымдағы жұмысы, қатысқан іс-шаралар туралы, оның атына келіп түскен және есепті кезеңде шешілген өтініштер туралы айтып берді.
Есепті кездесу барысында сайлаушылар депутатқа атқарылған жұмысы үшін алғыс сөздерін айтып, өз сұрақтарын жолдауды жалғастырды. Құртай ауылдық округінің тұрғындары шағын футбол алаңын салуға жәрдемдесу туралы өтініш білдірді, ауылға кірме жолды, ауылдың ішіндегі жолдарды жөндеу қажеттігін атап өтті, ФАП ғимаратын жөндеуге қаражат бөлуді, және Қазпошта бөлімшесін орналастыру орны туралы мәселелерді қолдау көрсетуді сұрады.
Николай Алексеевич туындаған барлық мәселелер бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме берді де, барлық айтылған мәселелер бақылауға алынды. Қатысушыларға белсенді қатысқаны және сындарлы диалог үшін алғыс білдіріп, бірлескен күш-жігермен ғана біз өз азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасайтынымызды атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/timiryazmaslihat-sko/press/news/details/981204?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау