«ЭСТАУ» ТАУАР БИРЖАСЫНА БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ ТУРАЛЫ НҰСҚАМА БЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Эстау» тауар биржасы» АҚ-ға қатысты бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша Агенттік Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 5 наурыздағы №128 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын тексеруге арналған тексеру парағының үш тармағы бойынша бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, бұзушылықтар электрондық сауда жүйесіне, тауар биржасы мүшесін аккредиттеуді тоқтата тұру кезінде негіздемелерді және қабылдаған ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламаларының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігінің сақталуына байланысты.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабына сәйкес, «Эстау» тауар биржасына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/980630?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version