«ИнтерМультиСервис» ЖШС мен «Technic Destroy» ЖШС макулатура жеткізу туралы келісімге қол қойды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада «ИнтерМультиСервис» ЖШС мен «Technic Destroy» ЖШС арасында макулатура жеткізу жөнінде келісімге қол қойылды. Бұл бастама «Жасыл даму» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асып отыр. Келісім 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жасалды. Тұжырымдаманың мақсаты – елдегі экологиялық ахуалды жақсарту.

«ИнтерМультиСервис» ЖШС — 2008 жылы Алматы қаласында құрылған, Қазақстандағы гофр картоннан жасалған қаптамаларды өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі. Компания заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған және экологияға зиянды азайту мақсатында қайта өңделген материалдарды белсенді қолданады.

«Technic Destroy» ЖШС — қалдықтарды қайта өңдеуге маманданған компания. 2024 жылдың тамыз айында Алматы қаласында Қазақстандағы алғашқы литий-ионды батареяларды қайта өңдейтін зауытты іске қосты. Зауыт айына 20 тоннаға дейін аккумуляторларды қайта өңдеп, литий ұнтағы, алюминий және мыс сынды бағалы материалдарды бөліп ала алады.

Қол қойылған келісімге сәйкес, компаниялар өндірістік қуаттарды бірлесіп пайдалануды, шикізат және технологиялармен алмасуды көздеп отыр. Бұл ынтымақтастық макулатураны өңдеу тиімділігін арттырып, экологиялық жүктемені азайтып, саланың тұрақты дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Компаниялар арасындағы ынтымақтастық еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бизнестің тиімді өзара әрекеттестігінің үлгісіне айналмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/981118?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version