Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшыларымен ауыл округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіне төмендегі мәселелер қарауға енгізілді.
Бөлім басшысының баяндамасында өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, инвестиция, сауда, құрылыс жұмыстарының тоқсандық көрсеткіштері көрсетіліп, оның ішінде инвестиция саласындағы жоспар ғана үдеден шықпай тұрғаны айтылды. Бұдан бөлек аудандағы мемлекеттік меншік нысандары, мемлекеттік мүліктерді жалға беру, аудандағы мемлекет теңгеріміндегі автокөліктер бойынша мәлімдеп, мемлекеттік меншік нысандарын мақсатты пайдалану жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.
Аудан аумағындағы зиянкес шегірткеге қарсы жүргізіліп жатқан залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігі, бүгінгі күнгі көтсеткіші, алдағы жоспары талданып, жауаптыларға бұл шаралардың уақытында және сапалы орындалуын қадағалау тапсырылды.
Сонымен қатар күн тәртібінен түспейтін қоғамдық-саяси ахуал, «Таза Қазақстан» акциясы, абоненттерді табиғи газ бен ауыз су жүйесіне қосу, азаматтарды әскеге шақыру, көктемгі дала жұмыстары жөнінде кеңінінен талқыланып тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.
Мәжіліс барысында аудан басшысы барлық бағыттар бойынша жауапты тұлғалардың баяндамаларын тыңдап, орындалуы кешіктірілген тапсырмаларға күрделілігі мен маңызына қарай нақты мерзімдер белгіледі. Аудандағы пайдалану шегінен артық мемлекет меншігіндегі нысандарды тұрғындардың мұқтаждығын шешу мақсатында пайдалану турасындағы өз ұсынысын жеткізіді. Ауданның дамуына, міндеттердің тиісті уақыт ағымында орындалуына бағытталған жұмыстардың жіті бақылауда болатынын атап өтті.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/981368?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау