«Мемлекеттік тіл – менің тілім»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту ұйымдастыруымен 21 ақпан ана тілі күніне орай «Мемлекеттік тіл – менің тілім»  атты этнос өкілдерінің қатысуымен байқау өтті. Аталған шараға жалпы 6 команда қатысты. №44 ЖОББ мектеп гимназиясынан «Тіл жанашырлары», Мұхтар Әуезов ЖОББ мектеп-лицейі «Достық», Жастар ресурстық орталығынан «Жастар», аудандық көпбейінді орталық ауруханадан «Бірлік»,  №9 Меркі колледжінен «Алаш», «Алғыр» топтары қатысты.

Қорытындысы бойынша: бас жүлдені №44 ЖОББ мектеп гимназиясынан «Тіл жанашырлары», 1 орынды Мұхтар Әуезов ЖОББ мектеп-лицейі «Достық», 2 орынды аудандық көпбейінді орталық ауруханадан «Бірлік», 3 орынды №9 Меркі колледжінен «Алғыр» тобы иеленді. «Жастар», «Алаш» командалары алғыс хатпен марапатталды. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/981615?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version