Менингококты инфекцияны түсіндіру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласы санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара бақылау қызметінің қызметкерлері арасында «Менингококты инфекция» тақырыбында семинар өткізді.

Мамандар менингококты инфекцияның еліміздегі және әлемдегі қазіргі эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндады. Африка елдерінде менингит оқиғаларының жиі тіркелетіні айтылды.

Семинар барысында менингококты инфекция, оның таралу жолдары, ауру белгілері және алдын алу шаралары туралы толық ақпарат берілді. Алдын алу шараларының ең маңыздысы ретінде мұрын-жұтқыншақтың жедел және созылмалы ауруларын (фарингит, тонзиллит, ларингит) уақытылы емдеу, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда асқынуды болдырмау үшін медициналық көмекке жүгіну және өзін-өзі емдеуден бас тарту ұсынылды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/980905?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version