Облыс әкімінің жұмыс сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңір басшысы Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов жұмыс сапары барысында ауданымыздағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады.
Сапар Қасым Қайсенов кентінде салынып жатқан, тәулігіне 150 адам қабылдай алатын емхананың құрылысымен танысудан басталды. Медициналық нысан заманауи талаптарға сай жобаланып, жалпы практика дәрігерлері мен салалық мамандар қабылдайтын болады. Бактериологиялық зертхана да қарастырылған. Құрылыс аяқталу сатысында. Бұған дейінгі ғимараттың қолайсыз болғаны атап өтілді.
Сондай-ақ 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ашылатын Батырлар аллеясының қайта жөндеу жұмыстарын қарап шықты. Аллеяда екі тырна бейнеленген стелла орнатылып, майдангерлердің есімдері жазылады.
Қасым Қайсенов кентінің орта мектебіде болып, мамандандырылған пәндік кабинеттерді қарап, шықты.
Өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен және ғимаратының қазіргі жағдайымен танысты. Өрт сөндіру бөлімінде күрделі жөндеу жүргізу қажеттігін айтты.
Украинка ауылында «Восток-Молоко» компаниясының роботтандырылған сүт-тауар фермасын аралады. Ауыл клубында материалдық-техникалық базаны жаңарту және интернетке қолжетімділік мәселесі көтерілді. Өңір басшысы бұл мәселелерді шешуді тапсырды.
Сапар соңында «Жер-Су» жылыжай кешеніне барған өңір басшысы мұнда өсірілетін лимон, пальма, банан және басқа экзотикалық өсімдіктерді көріп, кешеннің экскурсиялық бағытына ерекше назар аударды. Қоғамдық көлік маршруттарын қайта қарап, келушілерге қолайлы жағдай жасау тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan/press/news/details/980763?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version