2025 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев сотталғандардың құқықтарының сақталуын бақылау және олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысу мақсатында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесіне барды.
Бару барысында Өкіл Б.Байхожаев мекемедегі сотталғандардың тұрғын жайларын, асханасын, кітапханасын және ұзақ мерзімді кездесу бөлмелерін аралап шықты. Сонымен қатар, жазасын өтеушілердің құқық қорғау органдарына шағым беру үшін орнатылған электронды терминалдардың жұмыс барысын тексерді.
Кездесу барысында Омбудсмен өкілі жазасын өтеушілермен ашық әңгіме жүргізді. Ол сотталғандардың денсаулық жағдайы, мекеме қызметкерлеріне қатысты шағымдары, жұмыспен қамтылуы және еңбекақының уақытылы төленуі туралы сұрады.
Сонымен қатар, жазасын өтеушілерге кез келген мәселе бойынша сұрақ қоюға мүмкіндік бар екенін айтып, олардың құқықтарының қорғалуына ерекше назар аударылатынын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/980934?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау