ӨКІЛ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және “Қадір-Қасиет” қоғамдық бірлестігінің директоры Анар Ибраева ұйымдастырған «Азаптауды, қатыгездік адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қатынасты немесе жазалауды және кінәсіздік презумциясын болдырмау» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты.

Семинар-тренингте Өкіл  «Азаптаудан босату құқығы» тақырыбында баяндама жасап, қатысушыларға Халықаралық құжаттарға және отандық заңнамаларға сәйкес адам құқықтары мен  бостандықтарының стандарттарын, ажырамас іргелі құқықтарды, оның ішінде азаптаудан босату құқығын кеңінен таныстырып өтті. Сондай-ақ елімізде азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын, ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалауды болдырмау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға, оның ішінде Азаптауға қарсы Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының  жұмыстары мен заңнамаларға енгізілген өзгерістерге тоқталды.

Сонымен қатар, семинар-тренингте Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет полковнигі Аман Құлмұхамбетов, ”Болашақ” университетінің кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Гүлнар Аргинбекова мен аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Бахыт Наурызбаев, Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Асель Абдеш өз салалары бойынша баяндама жасады.

Семинар-тренингке облыс бойынша ҚАЖД-ға қарасты түзеу мекемелерінің және тергеу изоляторының қызметкерлері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/982719?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version