Білім басқармасымен, Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілімен өзара іс – қимыл аясында, психикалық-дене бұзылыстары бар балалар оқитын және тұратын мектеп-интернаттардың басшылығымен кездесу өткіздік.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуы мен әлеуметтенуі үшін жағдай жасау жайлы және қолжетімді ортада білім алу мәселелерін қарастырдық. Алдын алу сапарларының қорытындысы бойынша ұсынымдардың орындалуын талқыладық.
ҰАТ тобының жетекшісі қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беріп, 2019 жылдың сәуір айынан бастап кәмелетке толмаған балалар орналасқан жабық үлгідегі мекемелерге бару құзыретінің кеңейтілгенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/980798?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау