Ағымдағы жылдың 17 сәуірі күні Қайыңды ауылдық округіне қарасты Көсембай және Ақжар ауылдарында “Ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы, облыстық мәслихат қағидаларының және аудандық мәслихат шешімдерінің округте орындалуы туралы” тұрақты комиссиялардың бірлескен түрдегі көшпелі отырысы өтті.
Отырыста ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Дастан Сағынғалиевтың хабарламасы тыңдалып, талқыланды.
Көшпелі отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, әлеуметтік-экономикалық
даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және
аграрлық сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Еркін Жиеналин және білім, мәдениет, денсаулық сақтау, құқық тәртібі және жастар саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Сәндібек Нұрбаев, аудандық мәслихат депутаттары Жангүл Изгарина мен Айболат Оралов, сонымен қатар аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Арыстанов қатысты.
Тұрғындардың тарапынан шаруа қожалықтардың жерді тиімді пайдалану, газ жүргізу, бойдақ малдарды бағу, халықты тұрақтандыру, шаруа қожалық малдарын өз жерлерінде бақтыру мәселелері көтерілді. Барлық түскен ұсыныс-пікірлер назарға алынып, шешу жолдары атқарушы органмен бірлескен түрде қаралатындығы жеткізілді.
Көшпелі отырыстан соң, депутаттар ауыл тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдап, заңдылығы аясында түсінік беріп өтті.
Сонымен қатар, елімізде жүріп жатқан “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Ақжар ауылдық клубы алаңына көшет отырғызу жұмыстарына атсалысып, акцияға өз үлестерін қосты.
Ауыл үлкендері Маруся Татебаева мен Жамал Бисеноваларға амандаса барып, қал-жағдайларын сұрасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil/press/news/details/980571?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау