Қарағандыда полицейлер рұқсатсыз қоқыс төккен азаматты анықтады
Қарағанды қаласының полицейлері абаттандыру ережелерін өрескел бұзу дерегін анықтады. Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне сенбі күні кешкі уақытта белгісіз тұлғалардың жүк көлігімен қоқыс төгіп, рұқсат етілмеген жерден бейберекет қоқыс полигонын ұйымдастырғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары құқық бұзушыны анықтады. Ол — Қарағанды қаласының 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Азаматқа қатысты елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оған 79 240 теңге көлемінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, құқықбұзушылық жасау үшін пайдаланылған көлік тәркіленіп, арнайы айып тұрағына жеткізілді. Қарағанды полициясы бұл жағдай қала тазалығы мен абаттандыру ережелерінің сақталуының маңыздылығын тағы бір мәрте көрсететінін атап өтті. Тәртіп сақшылары тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға белсенді атсалысуға және заңбұзушылық фактілері туралы дер кезінде хабарлауға шақырады. Қоғамдық тәртіп пен қоршаған ортаның тазалығы – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Бірге әрекет етсек, Қарағандыны таза әрі жайлы қалаға айналдыра аламыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/981283?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау