“Қауіпсіз жол” ЖПІШ барысында дрон арқылы екі құқық бұзушылық анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

                                                                                                  “Қауіпсіз жол” ЖПІШ барысында дрон арқылы екі құқық бұзушылық анықталды

ШҚО аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды анықтау мақсатында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Іс-шара аясында өңірдегі апатты-қауіпті жол учаскелеріне ерекше назар аударылуда. Профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары мен «Кибершериф» борттық кешені белсенді түрде қолданылуда.

Дрондар жол жүрісі қағидаларын бұзғандарды анықтап, жақын маңдағы патрульдік полиция жасақтары дереу әрекет етіп, бұзушыларға қатысты шаралар қабылдайды. Ал «Кибершериф» кешені бейнежазба жүргізіп, көлік құралдарының жылдамдығын өлшейді, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алыстан анықтап, іздеуде жүрген көліктерді де тануға қабілетті.

Ағымдағы жылдың басынан бері дрондар арқылы 10-ға жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталса, оның екеуі «Қауіпсіз жол» іс-шарасы кезінде тіркелген.

Рейд барысында Өскемен–Риддер автожолының бір бөлігінде дрон екі жүргізушінің тыйым салынған жерде қарсы жолаққа шығып, қауіпті маневр жасағанын тіркеді. Аталған ереже бұзушылықтарды Haval және Subaru көліктерінің жүргізушілері жасаған.

Олардың әрқайсысына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды. Жүргізушілерге 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылу жазасы күтіп тұр.

Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігі!

                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/981438?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version