“Қауіпсіз жол” ЖПШ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаяу жүргіншілер өткелінің алдында жүргізуші адамдарды өткізіп жіберуі керек, ал жаяу жүргіншілердің өздері “зебраға” аяқ басып, алдымен солға, содан кейін оңға қарауы керек. Бірақ іс жүзінде жүргізушілер өткелден өтіп үлгермеген жаяу жүргіншілерге жол бергісі келмейтін жағдайлар жиі кездеседі. Кейде мұндай әрекет адамдардың өміріне шығын келтіруі мүмкін.

Мысалы, Павлодарда Hyundai автокөлігінің жүргізушісі Катаев-Циолковский көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіге жол бермеді. Жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларына қозғалыс артықшылығын ұсынбағаны үшін жүргізушіге 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция азаматтардан сергек болуды, жол ережелерін сақтауды, апатты жағдайларды болдырмау үшін жаяу жүргіншілер жолына күрт жүгірмеуді сұрайды.

“Заң және тәртіп” қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қолдауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/981232?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version