Куала-Лумпур, 2025 ж. 21 сәуір – Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев Малайзияның «Оңтүстік-Оңтүстік» қауымдастығының Президенті және «AMBank» қаржы тобының негізін қалаушы Азман Хашиммен кездесті. Кездесу барысында тараптар цифрландыру мен жасанды интеллект салаларындағы инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше назар аудара отырып, Қазақстан мен Малайзия арасындағы өзара іс-қимылдың келешегі бар бағыттарын талқылады.
Тараптар Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы өсіп келе жатқан логистикалық әлеуетке назар аударып, бұл бағытта екі елдің іскерлік топтары үшін жаңа серпінді мүмкіндіктердің ашылып жатқанын атап өтті. Б. Сүгірбаев Қазақстанның сыртқы саяси бастамалары, соның ішінде биыл мамыр айында өтетін Астана халықаралық форумы туралы айтып өтті. Форум қазіргі жаһандық сын-қатерлерді талқылау алаңына айналмақ. Кездесу барысында «орта державалардың» стратегиялық жақындасуының маңыздылығы ерекше аталып өтті.
Азман Хашим Қазақстанның геостратегиялық рөлін атап өтіп, елдің өзара тиімді жобаларды іске асырудағы әлеуетін жоғары бағалады. Сондай-ақ, ол жаһандық экономиканың жылдам өзгеріп жатқан жағдайында жаңа сауда тізбектері мен көлік бағыттарын әртараптандыру мен дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар Қазақстан мен Малайзияның іскерлік топтары арасындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілік білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/980722?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау