«Қорқыт ата» әуежайында тырысқаққа қатысты оқу-жаттығу шарасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Қорқыт ата» АҚ әуежайының жаңа терминалының ғимаратында  аса қауіпті инфекция (тырысқақ) белгілері бар науқас анықталған жағдайда оқу-жаттығу сабағы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тырысқаққа күдікті науқас анықталған сәтте мүдделі қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау, олардың дайындық деңгейін бағалау және төтенше жағдайға жедел ден қою қабілетін жетілдіру болды. 

Оқу-жаттығу барысында:

Науқасты анықтау және оқшаулау алгоритмі пысықталды;

Эпидемиологиялық тексеру және шұғыл хабарлау шаралары жүргізілді;

Қауіпсіздік аймағын шектеу, дезинфекция жүргізу, жолаушылар мен персоналды қорғау шаралары ұйымдастырылды;

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша қатысушылардың іс-қимылдары үйлесімді және шұғыл жағдайға әзір деп танылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/980876?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version