ҚР ҚМ МКК жалған хабарламалар туралы хабарлайды
МКК ескертеді, барлық хабарламалар мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жасалып, нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген.
МКК ақпараттық жүйелері хабарламаларды тек “салық төлеушінің кабинетіне”, “электрондық үкімет” порталының жеке кабинетіне және “e-Salyq” мобильді қосымшаларына жібереді. Салық төлеуші хабарламалардың бір бөлігін бірден өзінің жеке кабинетінде КТС, ЭҮП немесе ESA, ESO-да көре алады. Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылған хабарламалар салық төлеуші қол қойылған PDF нысанын өзінің электрондық поштасына КТС немесе ЭҮП арқылы дербес сұратады.
Осыған байланысты, МКК абай болуға, жалған хабарламаларға сенбеуге, ақша қаражаттарын аудармауға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сұраған деректерді (Аты-жөні, байланыс нөмірі, лауазымы, мекенжайы және басқа мәліметтер) толтырмауға және ұсынбауға, сондай-ақ алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/981743?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау