Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев штаб мүшелерімен бірге Жылға ауылдық округіне барып, шегірткенің марокколық түрімен күрес жұмыстарының барысын арнайы бақылап, салаға жауапты басшыларға жұмысты ширатуды, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Қазіргі ахуалға алаңдаған аудан басшысы жауаптыларға жұмысқа жауапкершілтерін арттыруды және сапалы атқаруды ескертті.
Сарыағаш ауданында биыл шегіртке зиянкесіне қарсы химиялық өңдеу, залалсыздандыру жұмыстары арнайы техникалардың көмегімен қарқынды жүргізілуде. Өңдеу жұмыстары аудан басшының, сондай-ақ арнайы құрылған штабтың бақылауында.
Зиянкестерді химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетін аумақ 15 секторға бөлінген. Аталған шара шегірткелердің таралуын ерте анықтап, дер кезінде химиялық өңдеу жүргізу мақсатында қолға алынған. Арман Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес шегіртке зиянкестеріне қарсы мониторинг жұмыстарына қоғамдық ақылы жұмысқа тартылған азаматтар мен еріктілер белсенді түрде жұмылдырылуда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/980612?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау