«Суды үнемде – болашақты сақта!» республикалық акциясы аясында ашық сабақ Қызылорда қаласы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Қызылорда қаласы, Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп қабырғасында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Нұрымбетов Сейілбек Серғазыұлы «Суды үнемде – болашақты сақта!» атты республикалық акциясы аясында Ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушыларға Қазақстанның су ресурстарын сақтау және тиімді басқаруды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, суды үнемдеудің тиімді жолдарын ұсынды. Сонымен қатар оқушылар «Су –тіршілік көзі» атты бейнероликті тамашалады.

Ашық сабақтың басты мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыру, суды үнемді пайдалану дағдысын қалыптастыру.

Іс-шараға 6-11 сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты. Мектеп директоры Өткелбаева Айгүл Алтынбекқызы жобаның жұмысын салтанатты түрде ашып беріп, судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын атап өтті.

Іс-шараға сондай-ақ Қызылорда облысының бірнеше аудандарындағы мектептер, сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы ғалым-эколог Шілдебаев Жұмаділ Байділдаұлы, Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы, АҚШ-тағы Иллинойс университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуші ғалым-эколог Турекелдиева Римма Тилепалдиевна, Қорқыт ата Қызылорда университетінің профессоры, ғалым Құрманбаев Рахат Хамитұлы online форматта қашықтан қосылып, белсенді қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/981930?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version