ТҮЛКІБАСТА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСУШЫЛАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түлкібас ауданында балық шаруашылығын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда өңірдегі балық шаруашылығымен айналысушылар саны 30-ға жуықтаған. Шаруалардың басым бөлігі форель мен сазан және карп балық түрлерін өсірумен айналысады.
Балық шаруашылығын дамытуды қолға алғандардың бірі Арыс ауылдық округі, Керейт ауылындағы ЖК «Мұра» шаруа қожалығы. Жалпы 22 соттық аумаққа жасанды екі тоған істеп, қазіргі таңда бұлақ көздері суларынан бір тоғанға 10 мың дана форель балығының шабағын жіберген. Инвестиция құны – 8 млн теңге. Мамыр айында екінші тоғанға сазан балық шабақтарын жіберуді жоспарлауда.
Шаруа мұнымен тоқтап қалмай, тоған аумағын абаттандырып, айналасын көгалдандырып, келушілерге ыңғайлы орын жасауға ниетті. Қазіргі таңда 3 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтуда. Ағымдағы жылдың күз айларында алғашқы өнімін саудаға шығаруды көздеп отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tyulkubas-audany/press/news/details/981281?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version