Ұлттық кітап күнімен құттықтаймын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Отандастар!

📚Баршаңызды Ұлттық кітап күнімен құттықтаймын!
✔️Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Ұлттық кітап күнін бекітуді ұсынып, «Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу» деп атап өтті.
Бұл – халқымыздың асыл мұрасы кітапқа көрсетілген құрмет.
📝Адам баласының сарқылмас қазынасы кітапты сақтап, қоғамға жан-жақты насихаттау, зияткер жастарды ынталандыру мен мәдени құндылықтарымызды келер ұрпаққа жеткізу – біздің басты міндетіміз.
Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлы өткен ғасыр басында: «…Әдебиеті жоқ халықтың дүниеде өмір сүруі, ұлттығын сақтап ілгері басуы қиын. Қай жұрттың болса да жаны – әдебиет, жансыз тән жасамақ емес» деп айтқан болатын. Осы ұлағатты сөзден қазақтың ұлттық болмысы мен рухын жоғалтпауының негізі әдебиетімізде, кітапта жатқанын түсінеміз.

✨Кітапқа деген сүйіспеншілік әрқашан жүрегімізде мәңгі орын алсын. Ұрпағымыз кітаппен тәрбиеленіп, білім мен парасат биігіне ұмтылсын!
Кітап оқиық, білімді болайық! Ұлттық мұрамызды ұлықтайық!🙌🏻✊🏻

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/981870?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version