Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде «№18 жалпы білім беретін мектеп» КММ ұжымына «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында семинар өткізілді.
Жиында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы ауқымды жұмыстар туралы ақпараттандырып, 2022-2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы туралы талқыланды.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық актілердегі өзгерістер мен толықтырулар, жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу тәртібі мәселелері айтылды.
Жиын соңында тақырыптық бағыттағы бейнеролик көрсетілді және сұрақтарға жауап берілді.
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-mangystau/press/news/details/981138?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау