«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Катонқарағай ауданының активімен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Зайсан өңірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық бөлімінің басшысы Роман Хусаинов ШҚО Катон-Қарағай ауданының активімен кездесу өткізді. Іс-шара мемлекеттік органдар басшыларының және ауданның квазимемлекеттік сектор субъектілері өкілдерінің қатысуымен өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты жергілікті деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының және «Заң мен тәртіп» нарративінің негізгі ережелерін түсіндіру болды.

Кездесу барысында Роман Хусаинов қоғамда сыбайлас жемқорлықтан бас тарту мәдениетін қалыптастырудың, халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асырудың нақты мысалдары ұсынылды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.

Аудан активі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тығыз ынтымақтастыққа және қоғамдық өмірде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды қолдауға дайын екендігін білдірді.

#Заң_мен_тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/981168?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version