Кәсіпкерлік Кодекстің 131-бабының 6-тармағына сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркелген (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқық мирасқорларынан басқа) күннен бастап үш жыл ішінде оларға қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.
Қызылорда облысы прокуратурасымен жүргізілген талдаумен санитарлық-эпидемиологиялық органдары 190-нан астам шағын және микро кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (олардың барлығы соңғы үш жыл ішінде тіркелген) бармай профилактикалық бақылау жүргізуді жоспарлағаны анықталды.
Бұған 2025 жылға арналған бармай профилактикалық бақылау жүргізу объектілерінің жоспары негіз болған.
Қадағалау актісінің негізінде аталған кәсіпкерлік субъектілері жоспардан алынып, негізсіз тексерулер жүргізуге жол берілмеді.
#Заң_мен_Тәртіп
#Жауапкершілік
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/981049?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау