Жаз жақындап келеді: балалардың жазғы сауықтыру маусымына дайындық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Көктем келген сайын ата-аналар мен мемлекеттік құрылымдарды алаңдататын басты сұрақ жиі қойылады: балалардың жазғы демалысын қалай қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыруға болады? Бұл мәселе санитарлық қызметтің назарында – жазғы сауықтыру маусымының қарсаңында «Балаларға арналған сауықтыру және санаторий нысандарын пайдалану кезінде санитариялық талаптарды сақтау туралы» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сауле Садвакасова жүргізді. Шараға аудандық әкімдік, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, ТЖ және ГО бөлімдері, полиция, білім бөлімі өкілдері, сонымен қатар балалар лагерьлері мен демалыс орындарының басшылары қатысты.
Кездесуді ашқан Сауле Садвакасова балалардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру кезінде кездесетін негізгі проблемаларды атап өтіп, балалар болатын нысандарды дайындау және пайдалану барысында санитарлық талаптарды қатаң сақтау маңыздылығын ерекше атап өтті.
Семинар аясында тамақтан уланудың алдын алу мәселелері де талқыланды. Зеренді аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Айгерім Бельгибаева тамақ сапасына және гигиеналық нормаларды сақтау жауапкершілігіне назар аударды.
Алдағы маусымға қатысты өз ұсыныстары мен көзқарасын Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және демалысы қауымдастығының төрағасы Қайрат Сұлтанов білдірді. Ол: «Балалар үшін толыққанды және қауіпсіз демалысты тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана ұйымдастыруға болады» — деп, ұжымдық жұмыстың маңызын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/981909?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version