Жол қозғалысы ережелері (ЖҚЕ) — бұл жүргізушілердің, жаяу жүргіншілердің, жолаушылар мен велосипед жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған міндетті нормалар жиынтығы.
Әр адам білуі тиіс негізгі ережелер:
🚸 Жаяу жүргіншілерге:
- Жолды тек жаяу жүргінші өткелі арқылы кесіп өтіңіз.
- Бағдаршамда тек жасыл жарық жанғанда өтіңіз.
- Жолға шығар алдында қауіпсіздігіне көз жеткізіңіз!
🚗 Жүргізушілерге:
- Жылдамдық режимін сақтаңыз.
- “Зебра” өткелінде жаяу жүргіншілерге жол беріңіз.
- Мас күйде көлік жүргізбеңіз.
- Қауіпсіздік белдігін тағып, көлігіңіздің техникалық жағдайын бақылауда ұстаңыз.
🚲 Велосипед жүргізушілеріне:
- Велосипед жолымен, болмаса жолдың оң жақ шетімен жүріңіз.
- Қорғаныс жабдығы мен жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдаланыңыз.
☝️ Есте сақтаңыз: ЖҚЕ-ні сақтау — өзіңе және айналаңдағы адамдарға деген құрмет. Бір ғана қате қадам немесе маневр өмірге қауіп төндіруі мүмкін.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-berezovka/press/news/details/981749?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау