2025 жылғы 17 сәуірде әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырысқа Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы төрағалық етті. Күн тәртібінде, Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасыларды қолдау және сүйемелдеу орталығы» КММ-нің қызметі мен ерте анықтау және өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға (отбасыларға) қолдау көрсету бойынша мобильді топтардың жұмысы туралы мәселелері қаралды. Отырыс қорытындысында отбасыларды қолдау мен әлеуметтік әл-ауқаттың алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған басым бағыттар айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/979330?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау