Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде ZOOM режимінде Қ.Р. Рахметқалиевтің төрағалығымен Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Меңдіқара ауданының депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, БАҚ қатысты.
Сессияда 2 мәселе қаралды. «Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 89 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» күн тәртібінің бірінші негізгі мәселесі бойынша Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы В.Н. Гребенюк сөз сөйледі, ағымдағы жылы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге байланысты, сондай – ақ ҚР Премьер – Министрінің тапсырмасы мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хаты негізінде атаулы және мереке күндеріне біржолғы төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы шешім қабылданғанын түсіндірді. Осыған байланысты шешімнің осы жобасына өзгеріс енгізу қажет.
«Жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы» екінші мәселесі бойынша Меңдіқара ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Ә.Ө. Қошанов сөз сөйледі, ол депутаттарды Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17 – бабының 1-2) тармақшасы негізінде жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, ол туралы ережені әзірлеу және жергілікті өкілді органға бекітуге жолдау бөлігінде аудан ЖАО құзыреті белгіленгенін таныстырды.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43 – бабында комиссия төрағасын және ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы саласындағы аудан әкімдігінің уәкілетті органының (жер қатынастары бөлімі), құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерін қоспағанда, барлық құрамды ауыстыра отырып, келесі күнтізбелік он екі ай өткеннен кейін жыл сайын бекітілетін комиссия құрамын қалыптастыру қағидаттары мен өлшемшарттары айқындалған.
Осыған байланысты Сіздің назарыңызға жер комиссиясының дербес құрамы ұсынылады.
Сессия қорытындысы бойынша ұсынылған жобаларды депутаттар қолдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/980356?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау