Алматы облысы ТЖД жазғы демалыс қарсаңында балалар жарақатын болдырмау бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қауіпсіз жаз: Еңбекшіқазақ ауданында ата-аналарға балалардың қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
2025 жылғы 18 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданының ТЖБ қызметкерлері аудандық ата-аналар жиналысына қатысты.

Алматы облысы ТЖД бастамасымен ата-аналарға өрт қауіпті және шомылу маусымдарындағы қауіпсіздік ережелері, терезеден құлау профилактикасы, табиғатта демалу және балалардың электрсамокат пен велосипедтерді өздігінен пайдалануы кезіндегі қауіп-қатерлер туралы түсіндірілді.

Шара барысында 100 жадынама таратылып, оқыту бейнероликтері көрсетілді. Ерекше назар – ата-аналық бақылаудың маңыздылығына және балалардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыруға аударылды.

Алматы облысының ТЖД 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/980477?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version