Қазақтың ұлы ойшылы, ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай елімізде бірқатар мәдени-рухани шаралар өткізілуде. Осыған орай 2025 жылдың сәуір айының 18-і күні Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері №1 Абай атындағы қалалық кітапханаға барып, Абайға арналған Абайтану сағатына және арнайы ұйымдастырылған танымдық шараларға қатысты.
Іс-шара барысында қатысушыларға арнап шағын лекция оқылып, Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты мазмұнды мәліметтер ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері ұлы ақынның әдеби мұралары, қара сөздері мен өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік құндылықтар туралы айтып, оның бүгінгі қоғам үшін де маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, шара барысында Абай шығармаларынан үзінділер оқылып, қатысушылар арасында еркін пікір алмасу, әдеби талқылау жүргізілді. Кітапхана қабырғасында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына Абайдың шығармалары мен ол туралы жазылған зерттеу еңбектер ұсынылды.
– Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері рухани шараның маңызын жоғары бағалап, Абай шығармашылығының тәрбиелік мәніне тоқталып өтті. Олар осындай танымдық кездесулердің мемлекеттік қызметкерлердің мәдени дамуына, ұлттық сана мен рухани құндылықтарды дәріптеуге қосар үлесі зор, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы әділет подполковнигі Сабржан Бибитович Нуртазин.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/979851?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау