Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен бюджеттік комиссия отырысы өтті. Жиынға ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратбаев, қала және ауылдық округ әкімдері,ауданға қарасты дербес бөлім басшылары қатысты.
Жиын барысында «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу» бойынша аудандық бюджетті нақтылау мәселелері, қала және ауылдық округтердің, оған қоса дербес бөлімдердің бюджеттік өтінімдері талқыланды. Сонымен қатар, аудан бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар пысықталды. Қаралған мәселелер бойынша отырысқа қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Аудан басшысы қаралған мәселелер мен отырыс барысында айтылған ұсыныстарды ескеріп, сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді. Сала басшыларына бюджет қаржысын тиімді пайдалану мен мақсатты игеру тек заң аясында жүргізу қажет екенін ескертті. Мемлекеттік сатып алу процесін жіті бақылауды салаға жауапты орынбасары Мұрат Байгабуловқа жүктеді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/979632?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау