ҚМДБ ШҚО Бас имамы Думан Нәдірұлы жергілікті ақсақалдармен кездесу жасады. Іс-шара облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өтті. Шараға ШҚО Дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Бектуров және ақсақалдар алқасының төрағасы Манарбек Мұхаметжановтар қатысты.
Басқосу барысында дәстүрлі ас беру рәсімінің тәрбиелік мәні мен қоғамдағы орны кеңінен сөз болды. Кездесу негізінде Республикалық имамдар форумында бекітілген «Ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылып, ондағы негізгі ұстанымдар мен ұсыныстар талқыланды.
Бас имам ас беру дәстүрінің рухани және тәрбиелік маңызына тоқталып, оның шариғатқа сай, қарапайым әрі ұрпаққа өнеге болатындай үлгіде өтуі қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, жиынға қатысқан ақсақалдар және Дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Бектуров, ШҚО ақсақалдар кеңесінің төрағасы Манарбек Мұхаметжановтар өз пікірлерін ортаға салып, қазақтың байырғы дәстүрі мен бүгінгі қоғам талаптарын ұштастыру жолдарын ұсынды.
Кездесу соңында қатысушылар «Ас беру мәдениеті» құжатының маңызын жоғары бағалап, ел ішінде осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарын күшейтуге уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-din/press/news/details/980065?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау