Астанада ММХҚИ филиалы 2025 жылғы қыркүйекте жұмысын бастайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада ММХҚИ филиалы 2025 жылғы қыркүйекте жұмысын бастайды

Қазақстандағы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (ММХҚИ) филиалының алғашқы студенттері мен магистранттары үшін оқу процесі биылғы қыркүйек айында басталады.

«ММХҚИ-Астана» бакалавриат деңгейі бойынша екі білім беру бағдарламасына қабылдау жүргізеді:  «Дүниежүзілік минералдық-шикізат және энергетикалық нарықтар» (білім беру бағыты – «Экономика», мамандық коды 38.03.01) және «Әлеуметтік-экономикалық және бизнес-процестерді талдау мен модельдеу» (бағыты – «Бизнес-информатика», мамандық коды 38.03.05).

Сондай-ақ магистратура бойынша екі бағдарлама ұсынылады: «Қаржы экономикасы және қаржы технологиялары» (бағыты – «Экономика», мамандық коды 38.04.01) және «Көпжақты институттар және жаһандық технологиялық дамуды басқару» (бағыты – «Жүйелік талдау және басқару», мамандық коды 27.04.03).

Бакалавриат бағдарламаларының оқу ұзақтығы – 4 жыл. Қабылдау Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелері негізінде жүзеге асырылады (төменгі шекті балл – 65). Үздік талапкерлерге білім гранттары беріледі – әр бағдарламаға 30 грант бөлінген. Сонымен қатар ақылы негізде оқу мүмкіндігі де бар.

Магистратура бағдарламаларының оқу мерзімі – 2 жыл. Әр бағытқа 20 гранттық орын қарастырылған, ақылы негізде оқу да мүмкін.

Оқыту процесі Қазақстан Республикасының аумағында ММХҚИ оқытушыларының, сондай-ақ институттың әдістемесі мен стандарттары бойынша арнайы даярлықтан өткен қазақстандық оқытушылардың қатысуымен жүзеге асырылады.

Бакалавриат бағдарламалары аясында студенттер екі семестр бойы Ресейдегі ММХҚИ кампустарында білім алады, ал магистратура студенттері үшін 2 айлық ресейлік модульден өту қарастырылған. Оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған түлектерге Ресей Федерациясының мемлекеттік үлгідегі дипломы беріледі, ол Ресей аумағында ММХҚИ дипломымен тең дәрежеде танылады.

Алғашқы кезеңде «ММХҚИ-Астана» Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кампусында орналасады. Кейіннен оқу жеке ғимаратқа көшіріледі, қазіргі уақытта ғимараттың жобалау жұмыстары басталып кетті.

Қосымша ақпарат алу үшін: Калашникова Виктория Владимировна, Қазақстандағы ММХҚИ өкілі, e-mail: official@inno.mgimo.ru

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/980007?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version