2025 жылдын 19 сәуір күні білім бөлімі мен аудан әкімдігінің жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруларымен «№5 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ-де Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына арналған асық атудан және бес тас ойынынан 2012-2014 ж.т жасөспірімдер арасындағы аудандық іріктеу жарыс өткізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 2025 жылдың 12-14 мамыр аралығында Аягөз қаласында бастау алатын Абай облысының Чемпионатына жолдама алды. Асық атудан “№5 жалпы орта білім беретін мектебі “КММ- үш оқушысы жолдама алып қойған болатын. Аягөз-2 құрама командаға ілігу үшін ұйымдас-тырылған жарыста ойыншылар бар білгендерін ортаға салды. Оқушылардың асық ойынына деген қызығушылығын аңғаруға болады. Жүлдегерлер мен жеңімппздар анықтала бастады. Жарыс қорытындысы бойынша асық атудан І орынды “Қалалық қазақ мектеп лицейі”КММ”-і командасының ойыншысы Тлекхан Бексұлтан иеленсе,ІІ орынды ” Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін № 6 мектебі” КММ-ң ойыншысы Жұматай Шыңғыс, ІІІ орынды ” № 5 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ-ң ойыншысы Оралғазы Нурали иеленді.
Бес тас жарысында І орынды “Қалалық көпбейінді қазақ-мектеп гимназиясы” КММ-ң оқушысы Іңкәр Тлеусерік иеленсе, ІІ орынды “№10 қазақ мектеп гимназиясы” КММ-ң ойыншысы Ордабай Аяла, ІІІ орынды “№10 қазақ мектеп- гимназиясы” КММ-ң ойыншысы Сейсағатова Айым иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Аягөз қаласында асық ату мен бес тастан өтетін Абай облысының Чемпионатына жолдама алып, аудан әкімдігінің жастар орталығының мақтау қағаздарымен, медальдарымен марапатталды. Құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/980145?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау