ДАЙАНА ТУЛКУНОВА ӘЛЕМНІҢ БЕДЕЛДІ ОҚУ ОРЫНДАРЫНАН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласындағы «Білім-инновация» қыздарға арналған №2 лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Даяна Тулкунова халықаралық білім аренасында үлкен жетістікке жетті. Ол әлемнің беделді 8 жоғары оқу орны мен мектептерінен ресми шақырту алды.

 Атап айтқанда төмендегі оқу орындары:

  • Chinese University of Hong Kong (QS World #36)

  • Constructor University (Германия) — толық грант

  • SP Jain School of Global Management

  • Guangdong Medical University

  • Guangxi University of Electronic Technology (GUET)

  • North China University of Science and Technology

  • Shandong University of Technology

  • H-Farm International School (Италия) — толық грант

Зерттеу мен олимпиадалар:

Даяна халықаралық деңгейдегі LaunchX және Lumiere Academy бағдарламаларынан грант жеңіп алып, ғылыми жобалармен айналысуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, ол:

  • International Biology Olympiad (OCSO) финалисі

  • INFOMATRIX халықаралық олимпиадасының қола жүлдегері

Осындай жетістіктерінің арқасында Даяна АУЭС және АЭТУ университеттерінен де білім гранттарына ие болды.

Болашақ көшбасшы

Даяна 2025 жылы Малайзияда өтетін World Economic and Leadership Forum аясында әлемдік жас көшбасшылар қатарына арнайы шақырту алды.

«Осы жылдың басында шетелге оқуға түсу туралы шешімді кеш қабылдадым, бірақ ешқашан кеш емес екеніне көзім жетті. Қазір медицина жолын таңдадым. Арманым — елімнің игілігіне қызмет ететін білікті хирург болу. Ең бастысы — сенім мен тынымсыз еңбек бәрін жеңеді», — дейді Даяна Тулкунова.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/980266?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version