2024 жылғы 18 сәуірде департамент басшысы З.Гумарова Жаңақала ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында ол ауданның білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында З.Гумарова білім беру ұйымдарында жүргізілген бақылау шараларының қорытындылары, білім сапасының ахуалы, сондай-ақ оқу орындарындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, білім беру процесінде туындауы мүмкін тәуекелдерге тоқталып, олардың алдын алу жолдары жөнінде түсінік берді.
Жиынға ұзақ жылдар бойы мектеп директоры қызметін атқарған зейнеткер ұстаз Н.И.Айтасова, мектеп директорының орынбасары болған, қазіргі таңда аудандық ардагер ұстаздар ұйымының төрайымы Р.Қ.Апақаева қатысты. Құрметті ұстаздар білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Кездесу соңында З.Гумарова білім беру ұйымдары басшылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарды назарға алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zko/press/news/details/979555?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау